Жаңалықтар
Жаза мерзімінің аяқталуына байланысты бостандыққа шықты
- author «Ақ жол»
- 28 қазан, 2020
- 210
Жаза мерзімінің аяқталуына байланысты бостандыққа шықты
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарайтын қауіпсіздігі барынша төмен ЖД-158/5 мекемесінен алматылық екі азамат жаза мерзімінің аяқталуына байланысты бостандыққа шықты. Аталған мекеменің босатылатын сотталғандарды еңбекпен тұрмыстық орналастыру жөніндегі аға инспекторы әділет сержанты Айнұр Бателова босап шыққан қос азаматқа мемлекет тарапынан әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілетіндігін айтып, олардың бостандықта білімін жетілдіріп, денсаулығын нығайтуға, сондай-ақ тұрақты жұмысқа орналасуларына мамандар қолұшын созатындығын жеткізіп, еркіндіктегі өміріне сәттілік тіледі.
Жалпы, қазіргі таңда мемлекет темір тордың ар жағынан босап шыққандарды назардан тыс қалдырмайды. Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 33 қадамы бас бостандығынан айыру орнынан босаған азаматтарды әлеуметтік оңалтуға бағытталған. Осы орайда жазатайым немесе қасақана жағдайда қылмысқа барып, жазаға тартылған сотталған азаматтардың жаза мерзімін толық өтеп, темір тордан босатылғаннан кейін бостандықтағы өмірге сіңісіп, қоғамға қайта бейімделіп кетуі үшін «Қақпа алдында кездесу» жобасының да маңызы зор. Бүгінде бұл әлеуметтік жоба жүйелі түрде өз жалғасын тауып келеді. Мадияр МАХАНОВ, ЖД-158/5 мекемесінің сотталғандар арасында тәрбиелік әлеуметтік-психологиялық жұмыстар жөніндегі бөлімшесінің бастығы әділет майоры.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді