Жаңалықтар
Тараздағы зергерлік дүкеннен 25 млн теңгенің бұйымдарын ұрлап кетті
- author «Ақ жол»
- 28 қазан, 2020
- 562
Тараздағы зергерлік дүкеннен 25 млн теңгенің бұйымдарын ұрлап кетті
Тараз қаласындағы зергерлік дүкеннен ірі көлемде зергерлік әшекей бұйымдар ұрланды.
Қарақшы дүкенге ғимарат қабырғасын бұзып кіріп, алтын бұйымдардың көп бөлігін алып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 25 000 000 теңгені құрайды.
«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орын алған аумақты тексеру барысында дүкенге қылмыстық шабуыл жасау алдын ала мұқият дайындықпен ұйымдастырылғаны белгілі болды. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Тараз қаласы ПБ 1-ПБ криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері күдіктіні қолға түсірген. Ол Қарағанды облысының 49 жастағы тұрғыны болып шықты», -делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қазіргі уақытта ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторында қамауға алынды. Оның басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеру үшін жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




