Жаңалықтар
ІІ-тоқсанда оқушылар мектепке орала ма? Үкіметтік комиссия жаңа шешім қабылдады
- author «Ақ жол»
- 27 қазан, 2020
- 602
ІІ-тоқсанда оқушылар мектепке орала ма? Үкіметтік комиссия жаңа шешім қабылдады
Коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия екінші тоқсаннан бастап қалалық және ауылдық мектептердің жұмысын дәстүрлі форматқа ауыстыру туралы шешім қабылдады, алайда 300 оқушыға дейін деген шектеу бар. Премьер-министрдің баспасөз қызметі Коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі ВАК бірқатар шешім қабылдағанын жариялады.
I. Мектептегі оқыту бойынша:
- екінші тоқсаннан бастап оқушылар саны 300 балаға дейін болатын қала және ауыл мектептерінің жұмысы дәстүрлі форматқа көшірілсін;
- ата-аналардың өтініші бойынша 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқуға рұқсат етілсін.
Бұл жағдайда санитарлық-дезинфекциялық режимді, маска режимін, шахмат ретімен отырғызу және әлеуметтік арақашықтықты сақтау міндетті.Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




