Жаңалықтар
Биыл 11 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
- author «Ақ жол»
- 26 қазан, 2020
- 605
Биыл 11 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 10,9 мың адам тарихи Отанымен табысып, оралман мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 68,3 мың этникалық қазақ оралды.
Осы жылы Қазақстанға келген оралмандардың жартысынан көбі (56,9%) Қытайдан, 27,7% – Өзбекстаннан, 9,1% – Түрікменстаннан, 3,4% – Моңғолиядан және 2,9% басқа елдерден.
Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (53,1%) және Маңғыстау (13,2%) облыстарына, сондай-ақ Нұр-Сұлтан (4,1%) және Шымкент қалаларына (3,3%) қоныстанды.
9 айдың қорытындысы бойынша еңбекке қабілетті жастағы қоныс аударушылар саны 57,2%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 32,5%-ды және зейнеткерлер 10,3%-ды құрайды.Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




