Жаңалықтар
Таразда екі күн ішінде 154 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды
- author «Ақ жол»
- 16 қазан, 2020
- 595
Таразда екі күн ішінде 154 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды
Тараз қаласында “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілген екі күн ішінде 154 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылғы 13-19 қазан аралығында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ профилактикалық есепке алу шараларын сақтау мақсатында Тараз қаласының аумағында “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Қоғамдық орында алкогольдік ішімдіктерді пайдаланғаны үшін 35 құқық бұзушы, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс болғаны үшін – 36, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 20 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
10 адам қоғамдық орындарда бөгде адамдарға тиіскені, 2 адам тыныштықты бұзғаны, 3 адам қоғамдық орындарда темекі шеккені, 3 адам санитарлық – эпидемиологиялық нормаларды бұзғаны, 3 адам алкоголь өнімдерін сату тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Көңіл көтеру орындарының 4 қожайыны кәмелетке толмаған жасөспірімдердің олардың мекемелерінде болуына жол бергені үшін жауапкершілікке тартылды. Ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған 157 адам тексерілді.Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




