Шу қаласында 900-ге жуық құқық бұзушылық анықталды
Жамбыл облысы ПД бастығының тапсырмасы бойынша Шу ауданының аумағында "Учаске" жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу аясында екі күндік кең ауқымды тексерулер жүргізілді.
ЖПШ барысында полиция қызметкерлері 900-дей құқық бұзушылықты анықтап, әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Аудан тұрғындарының негізгі бұзушылықтары ЖҚЕ сақтамауымен байланысты, соның ішінде: жылдамдықты асыру, терезені көлегейлеу, қауіпсіздік белбеуін тақпау, сондай-ақ көлік құралын алкогольді мас күйінде басқару.
Айта кетерлігі, Шу қаласы облыстағы ірі транзиттік қалаларының бірі болып табылады. Жалпы халық саны - 102 000 адам, тіркелген автокөлік саны - 27 000. Аталған шаралар ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін жалғасатын болады, - деді ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Бақыт Ратаев.Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




