Абай болып ой кештім
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай ақынның сахналық бейнесін сомдаушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі Асқарбек Сейілханмен «Абай болып ой кештім» атты онлайн кездесу өткізді.
Кездесу барысында Асқарбек Сейілхан Абай өлеңдерінің құрылысына, маңыздылығына, қоғамды тәрбиелеудегі аса құндылығына тоқталып, бірнеше өлеңдерін жатқа оқыды.
Сонымен бірге театр сахнасына келген жылдарын, журналистикада атқарған қызметі, өмірлік ұстанымдары жайлы кең толғанып әңгімеледі. Кейінгі кездегі мәдениетке, театрға деген көрерменнің көзқарасына, жас әртістердің сахна майталмандарынан сабақ, шеберлік дәріс алудың орнына, той жағалап кеткеніне қынжылатынын, оларға үлкен жағдайдың, жақсы табыстың қажет екенін, осы жағдайға көптің көңіл бөлгенін қалайтынын да жеткізді.
Сүбелі сұхбат барысында данагөй қария Асқарбек Сейілхан тағылымды әңгімені өрбітіп, Мұқағалидың өлеңімен кездесуді аяқтады.Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




