Жаңалықтар
Қазақстанда төтенше жағдай режимі қайтадан енгізілуі мүмкін бе?
- author «Ақ жол»
- 14 қазан, 2020
- 615
Қазақстанда төтенше жағдай режимі қайтадан енгізілуі мүмкін бе?
Қатаң карантиндік шараларды енгізбейміз деген үміттемін. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай айтты.
Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында алдағы уақытта елімізде төтенше жағдай режимін енгізу мүмкіндігіне қатысты сұрақ қойылды.
«Барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Осындай шешім қабылдау қажет болса, тиісті қадамдар жасалатыны анық. Дегенмен, қазір Қазақстанда қалыптасқан тұрақтылықты тиісті қызметтердің жұмысы арқасында сақтап қаламыз деп үміттенеміз. Сонымен қатар, әр азамат маска тағып, арақашықтықты сақтап, бұқаралық шараларды ұйымдастырмай халықты қорғау бағытындағы шараларға атсалысады деп ойлаймыз. Бұл талаптарды орындасақ, карантинсіз әрі шектеу шараларынсыз індетті еңсереміз деген сенім бар», - деді министр.Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




