Жаңалықтар
Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған азамат белгісіз дертке шалдықты
- author «Ақ жол»
- 13 қазан, 2020
- 509
Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған азамат белгісіз дертке шалдықты
Коронавирусқа қарсы жаңа вакцинаның клиникалық сынақтарының үшінші кезеңінде екпе салдырған адамдардың бірі белгісіз дертке шалдықты. Бұл туралы Johnson & Johnson компаниясының вакцина жасаушылары мәлімдеді деп жазады zakon.kz.
Johnson & Johnson компаниясының вакцина жасаушылары коронавирусқа қарсы вакцина салдырған азаматтың белгісіз дертке шалдыққанын айтты. "Зерттеуге қатысушының белгісіз дертке шалдығуына байланысты біз COVID-19 кандидаттық вакцинасына клиникалық зерттеулер жүргізу барысында одан әрі дозалауды уақытша тоқтаттық. Біздің нұсқаулығымызбен вакцина сынамасына қатысушының дертін Деректер қауіпсіздігін тәуелсіз бақылау кеңесі (DSMB) ENSEMBLE, сондай-ақ біздің дәрігерлер мен қауіпсіздік дәрігерлері тексеріп жатыр", - деді компания. Компания жағымсыз құбылыстар - аурулар, жазатайым оқиғалар, тіпті ауыр жағдайлар - жаңа дәрі-дәрмектер мен вакциналардың кез келген клиникалық зерттеулерінің күтілетін бөлігі екенін алға тартты.
Ғалымдар кандидаттық вакцинаның қаупін зерттеп, оның кері әсерлерін жан-жақты саралайды. Зерттеуге үш құрлық, сегіз елден 60 мың ерікті қатысып жатыр. Компания вакцина өзінің тиімділігі мен қауіпсіздігін дәлелдейтін болса, онда алғашқы легін 2021 жылдың басында сертификаттау мүмкін болады деген үмітте.Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




