Жаңалықтар
Жамбыл облысында әкелі-балалы екеу кәсіпорын басшыларын алдап келген
- author «Ақ жол»
- 13 қазан, 2020
- 515
Жамбыл облысында әкелі-балалы екеу кәсіпорын басшыларын алдап келген
Әкесі мен баласы Жамбыл облысындағы 10 кәсіпорынды алдады,- деп хабарлайды Polisia.kz. Жамбыл облысы Полиция департаментінің тергеушілері екі адамнан, яғни әкесі мен ұлынан тұратын алаяқтардың тағы бір әрекетінің жолын кесті. Алаяқтар аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық көмек көрсету түрінде "Ұрпақ" қоғамдық қорының атын жамылып, 10-нан астам түрлі кәсіпорындардың басшыларынан ақша алдап алған. Бұл ретте айлакер туыстар жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын адамдардың көмекшілері екендігін және солардың тапсырмасы бойынша әрекет етіп жүргендіктерін айтады.
Тергеу нәтижесінде олардың бірнеше рет ірі көлемде алаяқтық жасағаны анықталды, ал жиналған қаражатты жеке қажеттіліктеріне пайдаланған. Бұрын күдіктілер осындай қылмыстар үшін сотты болған.
Жамбыл облысының Полиция департаменті осындай алаяқтық әрекеттерден зардап шеккен барлық азаматтардан өтініш білдіруді сұрайды.Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




