Жаңалықтар
Елордаға Мәскеуден ұшып келген бір жолаушыдан коронавирус табылды
- author «Ақ жол»
- 12 қазан, 2020
- 490
Елордаға Мәскеуден ұшып келген бір жолаушыдан коронавирус табылды
Нұрсұлтанға шетелден ұшып келген бір жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, ПТР сынағынан өткені туралы сертификаты жоқ әуе жолаушыларын карантин стационарына жедел жеткізу шараларының арқасында елорданың медицина қызметкерлері тұрғындар арасында инфекцияның таралуын болдырмай, науқасқа уақтылы көмек көрсетті. 30 жастағы ер адам Мәскеуден ПТР сынағының сертификатынсыз келген.
Әуежайдан бірден ол карантин стационарынажеткізіліп, қажетті зертханалық тексеруден өтті. Аурухана басшылығының айтуынша, науқастың нәтижелері анализ алған соң 4 сағаттан кейін дайын болған. Жолаушыдан аурудың симптомсыз түрі анықталып, үй жағдайындағы карантинге жабылды. Науқастың жағдайы бірқалыпты, шағымы жоқ. Ер адамды тұрғылықты жеріндегі емханалардың медицина мамандары бақылайды.Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




