Коронавирус: 84 науқастың жағдайы ауыр
Елімізде коронавируспен ауырған 84 науқастың жағдайы нашар. «Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 3 022 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 72 бала бар. Стационарларда 2 030 науқас жатыр. 992 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 84 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 11 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хабарламасында. Ал кеше коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмонияға қатысты 34 жағдай және 1 науқас өлімі тіркелді. Оған қоса 23 адам емделіп шықты.
Сондай-ақ, өткен түнде 61 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Ал 74 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР тест арқылы расталды.Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




