Қазақстанда электр энергиясының тарифі қымбаттады
Қазақстанда электр энергиясының тарифі 6,6 пайызға қымбаттады.
ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметінше, 2020 жылдың қаңтар-тамызында елімізде 69,8 млрд кВт/сағат электр энергиясы өндірілді. Алдынғы жылмен салыстырғанда 0,3 пайызға көп.
Ақшаға шаққанда электр энергиясын өндіру, беру және тарату 787 млрд теңгені құрады. Өңірлік шекте әдеттегідей Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары электр энергиясын көп өндірген.
Ал осы жылдың қыркүйегінде елімізде электр энергиясының тарифі өткен жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 6,6 пайызға қымбаттады.
Баға өсімі әсіресе Батыс Қазақстан (1 жылдың ішінде 19,9 пайызға өсім), елорда (15,5) және Шымкент (10,1) тұрғындарыне қатты байқалды. Ал Ақмола облысында электр энергиясы 0,9 пайызға арзандап отыр.Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




