Маңғыстау облысында карантиндік шектеулер күшейтіледі
Маңғыстау облысында карантиндік шектеулер күшейтіледі. Маңғыстау облысында 13 қазан сағат 00: 00-ден бастап карантиндік шаралар күшейтіледі. Облыстың бас санитарлық дәрігерінің 28 тамыздағы қаулысына тиісті өзгерістер енгізілді.
Өзгерістерге сәйкес:
- мейрамханалар, кафелер (30 орыннан аспайтын) және ірі супермаркеттердің жұмысы сағат 21.00-ге дейін қысқарады. Жеке үй-жайларда орналасқан, ауданы 100 шаршы метрден аспайтын азық-түлік дүкендерінің жұмысы - 23.00-ге дейін.
- Қоғамдық көліктер сағат 6.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді, ал сенбі мен жексенбіде автобустар тоқтайды.
- Фитнес орталықтары мен спорт залдар жабылады.
- Азық-түліктен басқа барлық базарлардың жұмыс уақыты 16.00-ге дейін қысқарады.
- Үйлену тойлары мен топтық шараларды болдырмау үшін рейдтер көбейеді.
Өткен тәулікте облыста коронавирус инфекциясының 5 жағдайы тіркелді. Жалпы Маңғыстау облысында КВИ бойынша 3 362 жағдай анықталды.Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




