Өртенген вагон ішінен ер адамның мәйіті табылды
Өскемен қаласында темір вагон ішінде өрт шығып, 1 адам көз жұмды.
ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін таңғы сағат 04.00 шамасында «Титан» саяжай қауымдастығы аумағында өрт болған. Анықталғандай, вагон ішінде жиһаз бен жеке заттарды жалын шарпыған. Тілсіз жауды ауыздықтау барысында өрт сөндірушілер 1980 жылғы ер адамның күйген денесін тапты.
«Жалпы ауданы 6 шаршы метрді құраған өрт сөндірілді. Бұл контейнер электрлендірілген болып шықты. Қызыл жалынның шығу себебі – отпен абайсыз әрекет етуден немесе электр құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудан болуы мүмкін», - деп хабарлады ведомство өкілдері. Осы ретте ТЖД тұрғындарға электр құрылғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді