Таразда карантин талаптары күшейтілді
Таразда карантин талаптары күшейтілді
Қалада санитарлық талаптарды сақтамаған кәсіпкерлік нысандары, оның ішінде тойханалар мен кафелер жабылады. «Мейрамханалар, кафелер, түнгі клубтар және басқа да кәсіпкерлік мекемелер санитарлы талаптарды қатаң сақтауы тиіс. Егер де, ескерту жасалғаннан кейін қайталап талаптарды бұзу жағдайлары орын алса, кәсіпкерлік нысандарын жабатын боламыз. Ал, қала тұрғындары міндетті түрде маска режимі мен арақашықтықты ұстану керек», деп хабарлады Тараз қаласы әкімдігі. Айта кетейік, 10-11 қазан күндері күндізгі және түңгі рейд барысында 49 нысан тексеріліп, карантин талаптарын бұзғандарға хаттама толтырылды. Оның ішінде, орталықтағы «Гранд роял», «Ыдырыс», «Севинч», «Бақ береке» тойханалары да бар. Сонымен қатар, облыс аудандарында да мобильдік топтар күндізгі рейдте 100-ден астам нысандарды араласа, түнгі рейдте 80-нен астам кәсіпкерлік объектілерді тексерді. Оның ішінде мейрамханалар, кафелер мен дүкендер де бар.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




