Жаңалықтар
Қазақстандықтар жер теліміне қатысты мәліметті телефонынан қарай алады
- author «Ақ жол»
- 8 қазан, 2020
- 489
Қазақстандықтар жер теліміне қатысты мәліметті телефонынан қарай алады
Енді қазақстандықтар ЖСН-де тіркелген жер учаскелері туралы мәліметтерді тікелей өз телефонынан көре алады. Жер кадастрынан мәлімет енді eGovMobile қосымшасында беріледі.
Ұлттық ақпараттық технологиялар компаниясының мәліметінше, еGovМobile мобильді қосымшасында жер учаскеңіз туралы мәліметті алу үшін «Жылжымайтын мүлік» бөлімін ашу және «Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру» қызметін таңдау қажет. Содан соң ЖСН бойынша жердің бар-жоғына сұрау салу жіберу, тізімнен 1-10 жер учаскесін таңдау және ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе бір реттік парольмен қол қою арқылы мәліметтер алуға өтінім жіберу керек.
«Қалтадағы ХҚКО» тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып, біз eGovМobile қосымшасындағы қызмет пен сервистің санын барынша көбейтуді жоспарлап отырмыз. Бұл азаматтарға мобильді болуға және мемлекеттік көрсететін қызметтерді алу процесін барынша жеңілдетуге мүмкіндік береді. Егер бұрын бұл ақпаратты алу үшін бірнеше күн қажет болса, қазір оны 15 минутта алуға болады», - деп түсіндірді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.
eGovMobile мобильді қосымшасы GooglePlay және AppStore-да жүктеуге болады. Естеріңізге сала кетейік, бүгін қосымшада 73 қызмет пен сервис қолжетімді.Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




