Жаңалықтар
Қазақстанда зейнет жасын 60-қа дейін төмендету ұсынылды
- author «Ақ жол»
- 8 қазан, 2020
- 472
Қазақстанда зейнет жасын 60-қа дейін төмендету ұсынылды
Мәжіліс депутаттары қазақстандықтардың зейнеткерлікке шығу жасын қайта қарауды ұсынды. – ДДСҰ деректеріне сай, COVID-19 вирусының ерекшелігі сол – өлім жағдайының көпшілігі жасы 60-тан асқан адамдардың үлесіне тиеді, - деді депутат Айқын Коңыров.
2020 жылы қаңтар-тамыз аралығында қазақстандықтар арасында 110 981 өлім тіркелді, оның ішінде 78 637 адам (71% пайыздан астамы) 60-тан асқан адамдар. Мәжіліс депутатының сөзінше, жасы 60-тан асқан адамдар қосымша қауіпсіздік шараларын талап етеді.
– "Халықтық коммунистер" фракциясы азаматтарымыздың зейнетке шығу жасын қайта қарауды ұсынады. 2013-ші жылы біз әйелдердің зейнетке шығу жасын көтеруге қатысты реформаны қолдамадық. Бүгін азаматтардың пікірлерін ескере отырып, әйелдер мен ерлер үшін зейнет жасын 60 жас деп белгілеуді ұсынамыз, - деді Қоңыров.
Депутаттардың пікірінше, бұл шара қарт адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жағдай жасап қана қоймай, еңбек нарығына да оң әсерін тигізеді.Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




