Жаңалықтар
Рубль құлдырады. Теңге де оның ізімен құнсыздана ма - Ұлттық банк жауабы
- author «Ақ жол»
- 8 қазан, 2020
- 476
Рубль құлдырады. Теңге де оның ізімен құнсыздана ма - Ұлттық банк жауабы
Теңгенің долларға, евроға, юаньға шаққандағы бағамы төмендеп жатыр, бірақ Ресей рубліне қатысты нығая түскені байқалады. Мұның себебі неде екенін ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова түсіндірді. - Жалпы, жыл басынан бері рубль долларға қатысты 26,5% әлсіреді, ал қыркүйек айында тағы 4,9% құнсызданды. Осы кезеңдерде теңге сәйкесінше 12,3% және 2,8% әлсіреді. Теңге мен рубль құнын жоғалтудағы әртүрлілік паритетке әсер етті. Егер жыл басында рубльді 6,2 теңгеге сатып алуға болатын болса, қазір бір рубльдің құны 5,5-5,6 теңгені құрайды. Ресей Қазақстанның ірі сауда серіктесі екендігін ескерсек, теңгенің айырбас бағамында міндетті түрде рубльдің әсері бар екенін аңғаруға болады. Алайда, теңге тек Ресейге тән, рубльге қысым жасаушы санкциялар факторларының әсеріне ұшырамайды, сондықтан теңгенің айырбас бағамының динамикасы рубль динамикасына сәйкес бір ізбен жүрмейді, - деді Әлия Молдабекова.
Теңгенің айырбас бағамына әсер, Ұлттық банктің пікірінше, негізінен мұнайдың бағасы болып табылатын негізгі сыртқы және ішкі факторлардан тұрады.Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




