Жаңалықтар
Тараздық полицейлер пәтер ұрлығымен айналысатын күдіктілерді ұстады
- author «Ақ жол»
- 5 қазан, 2020
- 142
Тараздық полицейлер пәтер ұрлығымен айналысатын күдіктілерді ұстады
Жамбыл облысында бірнеше пәтер ұрлығына қатысы бар деген күдікпен екі азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-іздестіру іс-шаралары кешенін өткізу барысында Тараз қаласы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Тараз қаласының аумағында бірнеше рет пәтер ұрлығын жасады деген күдікпен 24 және 27 жастағы екі ер адамды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Келтірілген материалдық шығын 650 мың теңгені құрайды.
Осы фактілер бойынша ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Олар көбіне есіктеріне тез ашылатын құлып орнатылған пәтерлерді таңдаған. Пәтерде үй иесінің жоқ екенін тексеру үшін есіктерін қағып, мекенжайда ешкімнің жоқ екеніне көз жеткізгеннен кейін кілттерді іріктеу арқылы пәтерлерге кірген.
Ұсталғандар құндыз тон, ақша, ноутбук және басқа да құнды заттарды ұрлаған. Кейін ломбардтарға тапсырған. Қазіргі уақытта ұсталғандарға пәтер ұрлықтарының үш эпизоды бойынша айып тағылды. Қазіргі таңда криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері олардың бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатысының бар-жоқ екенін тексеруде.
Ұқсас жаңалықтар
Сот саласындағы мемлекеттік тілдің маңыздылығы
- 17 қазан, 2024
Қағазбастылықтан арылтып, қолжетімділікті арттыруда
- 17 қазан, 2024
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді