Праймериз: облыс әкімі Б.Сапарбаев дауыс берді
Бүгін "Nur Otan" партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы №3 дауыс беру учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.
Жалпы, Жамбыл облысы бойынша праймеризде бақ сынауға 768 кандидат тіркелген.
Кандидаттардың 269-ы әйел, 222-сі 35 жасқа дейінгі жас, 28-і көп балалы ана, 29-ы қандас және 8-і мүмкіндігі шектеулі жан.
Үміткерлердің 111-і бастауыш партия ұйымдарынан ұсынылса, 657-і өзін-өзі ұсыну мүмкіндігін пайдаланған. Кандидаттардың қатысуымен 2736 шара өтіп, 176 жария пікірсайыс ұйымдастырылған.
Қазіргі таңда сайлау учаскелеріндегі жұмыс қыза түсуде.
Партия баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін сағат 10.00-дегі мәлімет бойынша 42469 сайлаушы онлайн дауыс береді деп күтілсе, оның 31855-і өз таңдауын жасап үлгерген. Ал, 4557 сайлаушы дәстүрлі дауыс беру әдісін таңдаған.Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




