«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Құс тұмауына байланысты еліміздің алты облысында карантин жарияланды

Құс тұмауына байланысты еліміздің алты облысында карантин жарияланды
ашық дереккөз
Құс тұмауына байланысты еліміздің алты облысында карантин жарияланды
 width= Қазақстанның алты облысында құс тұмауына байланысты карантин енгізілді. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева мәлімдеді. - Егер қазіргі жағдайды алсақ, онда карантин алты облыстың 25 ауданындағы 48 елді-мекенге енгізілген. Бұл осы елді-мекендерде жоғары патогенді құс тұмауының болғаны зертханалық зерттеулермен расталғанын білдіреді. Күні бүгінге дейін Түркістан, Ақтөбе облыстарында, Шымкентте, Жамбыл облысының бір ауданында, Ақмола облысының бір ауданында, Павлодар облысының бір ауданында, сондай-ақ Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының төрт елді-мекенінде құс тұмауы анықталған жоқ, - деді Гүлмира Исаева ОКҚ-да өткен брифингте. Сонымен қатар ол құс етін, жұмыртқасын, сол секілді құстың өзін тірідей импорттауға жаңа шектеулер жақын арада енгізіле ме деген сұраққа жауап берді. - Бұл құстардың өліміне қатысты жаңадан тіркелетін ақпараттарға байланысты болады. Егер зертханалық зерттеулер жоғары патогенді құс тұмауы вирусының бар екендігін көрсетсе, онда ветеринария қызметі шектеулер енгізіп, карантиндік шараларды жүргізеді, - деді вице-министр. Бүгінгі таңда 110 мың шаршы метрден астам алаң өңделді, бұл - құстардың ұсталған үй-жайлары. Бұл іске 700-ден астам маман тартылды.

Ұқсас жаңалықтар