Жаңалықтар
Елімізде пневмонияға шалдығушылар саны аяқ-астынан көбейіп кетті
- author «Ақ жол»
- 30 қыркүйек, 2020
- 499
Елімізде пневмонияға шалдығушылар саны аяқ-астынан көбейіп кетті
Денсаулық сақтау министрлігі 30 қыркүйектегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияға байланысты ақпаратты жариялады. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 299 жағдайы тіркелді, одан 2 адам қайтыс болды, ал 96 адам емделіп, ауруынан сауықты.
1 тамыздан бастап коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияға қатысты мынандай фактілер тіркелді: анықталған жағдайлар - 32 799, кісі өлімі - 353, аурудан емделіп, жазылғандар саны - 27 169.
Кеше ғана, 29 қыркүйекте бір тәулік ішінде елімізде коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 10 жағдайы анықталған еді, ал бүгін бұл көрсеткіш 300-ге жуықтаған.Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




