Жаңалықтар
Коронавирус қайта өршіп кеткен елдер карантинді қайта енгізуде
- author «Ақ жол»
- 30 қыркүйек, 2020
- 418
Коронавирус қайта өршіп кеткен елдер карантинді қайта енгізуде
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус қайтадан өршіп бара жатқан мемлекеттерді атады.
«Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясын жұқтыру және одан келген өлім бойынша әлемдік жағдай күрделі күйде қалып отыр. Еуропа мен Азияның бірқатар мемлекетінде ауруды жұқтыру жағдайы артып барады. Мәселен өткен аптада коронавирусты жұқтыру жағдайы Италияда, Германия, Беларусь, Түркия және Еуропаның тағы басқа елдерінде байқалды. Ресейде індетті жұқтыру көрсеткіші 0,6-0,7 пайызға өсті. Бұл – Қазақстандағы көрсеткіштен қарағанда 10 есе көп», - деді Алексей Цой Үкімет отырысында.
Оның айтуынша коронавирус қайта өршіп кеткен елдерде карантин қайтадан енгізіліп жатыр. «Коронавирустың алдын алудың бірден-бір тиімді жолы – карантин екенін осы жағдай көрсетіп отыр», - деді ол.Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




