Жаңалықтар
"Әлем қорқынышты межеге жетті": БҰҰ бас хатшысы вирусқа қатысты мәлімдеме жасады
- author «Ақ жол»
- 29 қыркүйек, 2020
- 478
"Әлем қорқынышты межеге жетті": БҰҰ бас хатшысы вирусқа қатысты мәлімдеме жасады
БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш әлем бойынша коронавирус құрбандарының саны миллион адамнан асуы есеңгіретерлік жағдай екенін мәлімдеді деп хабарлайды РИА Новости.
Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, соңғы деректерге сәйкес, әлемде COVID-19 індетінен қайтыс болғандар саны 1 000 555 адамға жеткен.
"Біздің әлем қорқынышты межеге жетті: COVID-19 пандемиясы миллион адамның өмірін қиды. Бұл - есеңгіретерлік көрсеткіш", – деді БҰҰ бас хатшысы.
Сондай-ақ, ол вирустың таралуы, жұмыс орындарын жоғалту сынды күйзелістердің шегі көрінбейтінін атап өтті.
"Біз бұл проблеманы еңсере аламыз. Жіберген қателіктерден сабақ алуымыз керек. Жауапкершілікпен басқару маңызды. Ғылым мен ынтымақтастықтың да маңызы зор", – деді Гутерреш.
Сондай-ақ, оның пікірінше, коронавирус туралы жалған ақпараттар адамдарды өлтіреді. Бас хатшы вакцинаға қол жеткізгенге дейін адамдарды қашықтықты сақтауға, бетперде тағып, қол жуып жүруге шақырды.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




