Жаңалықтар
Нұр-Сұлтандағы мектептердің бірінен коронавирус анықталды
- author «Ақ жол»
- 29 қыркүйек, 2020
- 505
Нұр-Сұлтандағы мектептердің бірінен коронавирус анықталды
Елорданың кезекші мектептерінен коронавирус дертін жұқтыру жағдайлары тіркелді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері мәлімдеді.
Жанна Пралиева оқу жылының басынан бері оқушылар арасында коронавирус індетін жұқтырудың барлығы алты жағдайы тіркелгенін айтуда. Біріншісінде оқушы мектепке барып жүрген. Ал қалған бесеуі қашықтан оқытылғаны анықталды.
"Кезекші сыныпта болған бір жайт бойынша науқаспен байланыста болған 19 адам тексеріліп жатыр. Олардың 13-і - балалар және алтауы - оқытушылар. Бәрі теріс нәтиже көрсетіп отыр. Мектепте дезинфекция жүргізілді. Балалар мен оқытушылар үйде карантинде болды және қазір сабаққа кірісіп кеткен", - дейді маман. Ол мектеп мұғалімдері арасында коронавирус жұқтырғандар тіркелмегенін алға тартты. Сонымен қатар, балалар бақшасында да қауіпті дертті жұқтырғандар тіркелмеген. Мектепке дейінгі және балаларға арналған мекемелердің тәрбиеленушілері де коронавирус жұқтырмаған.
Ол Covid-19 мектептерден анықталған жағдайда бірден тексеріс жүргізілетінін және қажет болған жағдайда мектеп карантинге жабылатынын айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




