Жаңалықтар
4 мың долларға алтыннан маска жасатқан кәсіпкер қайтыс болды
- author «Ақ жол»
- 29 қыркүйек, 2020
- 526
4 мың долларға алтыннан маска жасатқан кәсіпкер қайтыс болды
Үндістанда коронавирус індеті кезінде өзіне алтыннан маска жасатқан кәсіпкер қайтыс болды. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Үндістанның Пимпри-Чинчвад провинциясында кәсіпкер Шанкар Кураде коронавирус жұқтырып, пневмониядан қайтыс болды.
Шілде айында шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары күніне бір келіге жуық алтын әшекей тағатын 49 жастағы кәсіпкер коронавирустан қорғану үшін салмағы 60 грамм болатын алтын маскаға тапсырыс бергені туралы ақпарат таратты. Ерекше масканы жасауға шеберлер 8 күн жұмсаған.
- Бұл - тыныс алуыма мүмкіндік беретін ұсақ тесіктері бар жұқа маска. Ол коронавирустан қаншалықты тиімді қорғайды, ол жағына қатты сенімді емеспін, бірақ мен басқа да сақтық шараларын қолданып жатырмын, - деген еді ол кезде Кураде.
Кәсіпкер ерекше маскаға шамамен 4 мың АҚШ долларын шығындапты.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




