Жаңалықтар
Павлодар облысында 9 тоғыз оқушыдан коронавирус анықталды
- author «Ақ жол»
- 28 қыркүйек, 2020
- 516
Павлодар облысында 9 тоғыз оқушыдан коронавирус анықталды
Павлодар облысында тоғыз оқушы коронавирус инфекциясын жұқтырды. Ирбис ТВ хабарлағандай, Шарбақты ауданының Алексеевская орта мектебінде коронавирус бастапқыда бір баладан расталған. Оқушы аурумен байланыстағының бірі болып шықты. Сол себепті ауылдық білім беру мекемесіне барғандардың барлығы тексерілді. Олар 44 адамды анықтап, оның ішінде тағы үш баладан COVID-19 анықталды. Барлығында ауру симптомсыз жүріп жатқан.
- Балалардың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде, ауруға қатысты шағымдары жоқ. 16 қыркүйекте балалар мектептен шеттетілді, қазір үй карантинінде. Мектепте жедел тексеру басталып, эпидемияға қарсы шаралар қолданылды. Мектепте жоспардан тыс тексеру жасалды. Ол әлі жүргізіліп жатыр, - деді Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері Батырбек Әлиев.
Мектеп белгісіз мерзімге жабылды. Шешім эпидемиологиялық жағдай жақсарғаннан кейін қабылданады деп хабарланды.
Облыстық санитарлық дәрігердің айтуынша, диагноз 1 қыркүйектен бастап облыстағы тағы бес баладан расталды. Аурудың үш жағдайы Павлодар мектептерінде, біреуі Ақсу қаласында, тағы біреуі ауданнан анықталды. Бұл - оқушылар қашықтықтан білім алушылар.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




