Жаңалықтар
Қарақалпақстан 10 жыл бойы іздеген алаяқ Қазақстанда жүріпті
- author «Ақ жол»
- 25 қыркүйек, 2020
- 525
Қарақалпақстан 10 жыл бойы іздеген алаяқ Қазақстанда жүріпті
Ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде Жамбыл ауданының полициясына медициналық пункт меңгерушісі терезе арқылы ноутбугының қолды болғаны туралы арызданған, деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
Аталған дерек ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді.
"Жедел топ құрамында жұмыс істейтін учаскелік инспекторлар бір тәулік ішінде күдікті Өзбекстан Республикасы Қарақалпақстан автономиясында тұратын 44 жастағы шетелдік азаматты "ізін суытпай" анықтады. Ұсталған сәтте күдікті ұрланған мүлікті сатып үлгерген. Ноутбук сатып алушыдан алынды. Жеке басын тексеру барысында ұсталған азаматты 2010 жылдан бері отандастары алаяқтық жасағаны үшін іздестіріп жатқаны және халықаралық іздеуде жүргені белгілі болды. Күдікті қамаққа алынды", – дейді Жамбыл аудандық ПБ бастығының орынбасары полиция полковнигі Данияр Қыйқабаев.
Тәртіп сақшылары ұсталған азаматтың басқа да ашылмаған қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




