Жаңалықтар
Сауд Арабиясы 1 қарашадан бастап кіші қажылыққа келушілерді қабылдай бастайды
- author «Ақ жол»
- 24 қыркүйек, 2020
- 562
Сауд Арабиясы 1 қарашадан бастап кіші қажылыққа келушілерді қабылдай бастайды
1 қарашадан бастап Сауд Арабиясы кіші қажылыққа қажыларды қабылдай бастайды. 24.kg ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ел билігі әл-Харам мешітіне (әлемдегі басты және ең үлкен мешіт, оның ауласында исламның басты қасиетті орны - Қағба бар) баруға қойылған шектеулер біртіндеп алынып тасталатынын хабарлады.
Шектеу кезең-кезеңмен жойылады. 4 қазаннан бастап әл-Харам мешітіне Сауд Арабиясының тұрғындары ғана бара алады, күніне 6 мыңға жуық адам. 18 қазаннан бастап жергілікті қажылар саны 15 мыңға дейін артады. Ал 1 қарашадан бастап эпидемиологиялық жағдайға байланысты шетелдіктерге де кіші қажылыққа рұқсат беріледі.
Естеріңізге сала кетейік, Сауд Арабиясы биыл пандемияға байланысты қажылыққа тыйым салды.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




