
Таразда бильярд ойынынан Әлем чемпионаты өтуде
Еліміздің бильярд спорты федерациясының ұйымдастыруымен Тараз шаһарында тұңғыш рет жалауы желбіреген әлемдік додаға төрткүл дүниенің 19 мемлекетінен «сен тұр, мен атайын» ойыншылар келді. Доданың ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Қалижан Әбдірайымов сөз алып, алғаш рет Тараз топырағында өтіп отырған бұл сынның үлкен абырой екенін атап өтті. Сонымен қатар додаға қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарыстың ашылу салтанатында шет елдерден келген қонақтар да өз лебіздерін білдіріп,
ұйымдастырушыларға, облыс басшылығына ризашылықтарын жеткізді.
Бильярдтың динамикалық пирамида деп аталатын түрі бойынша өтіп жатқан әлем біріншілігіне бір ғана Ресейдің өзінен Сергей Тузов, Никита Левада, Александр Чипиков сынды әлем чемпионатының чемпиондары мен жүлдегерлері қатысып жатыр. Сондай-ақ қырғыз елі де үкілеген үміттерін әкеліп отыр. Онымен қоса біздің облыстан да төрт бірдей тастаяқшы әлем біріншілігінде бақ сынауға белді бекем буыпты.
Табиғат АБаилдаев, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Ақпарат
Таразда ауқымды Креаторлар форумы өтті
- 28 мамыр, 2025
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді