Жаңалықтар
Мектепте кезекші сынып оқушысынан коронавирус анықталды
- author «Ақ жол»
- 24 қыркүйек, 2020
- 483
Мектепте кезекші сынып оқушысынан коронавирус анықталды
Қазақстанда кезекші сыныптан коронавирустың алғашқы жағдайы тіркелді Шығыс Қазақстан облысында кезекші сыныпта оқитын оқушыдан коронавирус инфекциясы анықталды. Sputnik Қазақстанға бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтқан.
- Кезекші сынып оқушысының КВИ жұқтыру бойынша алғашқы жағдай 14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Парыгино ауылында анықталды. Екінші сынып оқушысының анасы - мұғалім. Алғашқы күні дене қызуы 37 градус болған, вирустық инфекцияның барлық белгілері бар. Алынған ПТР сараптамасы бұл диагнозды растады, - деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі.
Бала үйінде емделіп жатыр, жағдайы қанағаттанарлық. Ол оқитын сыныпта небәрі 12 бала бар.
- Олардың барлығын, оның ішінде мұғалімдер мен байланыста болған ықтимал тұлғалар қазір инфекцияның жұқтырған-жұқтырмағанына байланысты тексеріледі, - деді Қожахметов.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




