Жаңалықтар
Мәжіліс тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң жобасын мақұлдады
- author «Ақ жол»
- 23 қыркүйек, 2020
- 127
Мәжіліс тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң жобасын мақұлдады
Мәжілістің жалпы отырысында «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
Заң жобасы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік саясаттың құқықтық, әлеуметтік, институционалдық және ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіру мақсатында әзірленді.
Сонымен қатар, құжатта зардап шеккендердің құқықтары мен қауіпсіздік кепілдіктерін бекіту, осы саладағы заңнаманың сақталуын қоғамдық бақылау мәселелерін реттеу, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ақпаратты, статистикалық деректерді жинауды, өңдеуді және талдауды көздейтін статистикалық мониторинг енгізу, зардап шеккендердің қорғалуға, әлеуметтік көмекке және басқаларға құқықтарын бекіту ұсынылады.
Заң жобасымен жұмыс істеу барысында депутаттар құжаттың жекелеген нормаларын нақтылайтын және мазмұнын жақсартатын түзетулер енгізді.
Жұмыс тобының 13 отырысы және Комитеттің кеңейтілген отырысы өткізілді. Жұмыс тобы аясында 2020 жылғы 16 сәуірде заң жобасының таныстырылымы болды. Заң жобасы бойынша салыстырмалы кестеге шамамен 200 түзету келіп түсті, олардың ішінде 126 түзету қабылданды.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді