Жаңалықтар
Жамбыл облысында екі ер адам 28 келі есірткімен ұсталды
- author «Ақ жол»
- 23 қыркүйек, 2020
- 520
Жамбыл облысында екі ер адам 28 келі есірткімен ұсталды
Жамбыл облысының екі тұрғынынан 28 келіден аса есірткі тәркіленді, деп хабарлайды көліктегі полиция департаменті. «Луговой станциясындағы полиция қызметкерлері ағымдағы жылдың 11 тамызында «Қарасора-2020″ жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында Т.Рысқұлов ауданының құмды аймағында Жамбыл облысының екі тұрғынын анықтап, ұстады. Тексеру кезінде олардың әрқайсынан ішіне өзіне тән иісі бар өсімдік тектес зат салынған бір-бір қап табылып, тәркіленді», — деді Көліктегі полиция департаментінің басшысы Оңал Бекеев. Оның айтуынша, құқықбұзушылардың тұрғылықты жеріндегі шөп қораны тінту кезінде тағы да 1,5 қап есірткі заты табылған. «Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар жалпы салмағы 28 келіден асатын марихуана есірткі заты болып шықты, — деді Бекеев. Ведомство мәліметінше, Тұрар Рысқұлов аудандық сотының үкімімен ұсталғандар осы қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




