Жаңалықтар
Жамбыл облысында бір аптада 19 мыңға жуық адам тұмауға қарсы екпе салдырды
- author «Ақ жол»
- 22 қыркүйек, 2020
- 197
Жамбыл облысында бір аптада 19 мыңға жуық адам тұмауға қарсы екпе салдырды
Жамбыл облысында бір апта ішінде Жамбыл облысы бойынша 19 000-ға жуық азамат тұмауға қарсы вакцинамен қмтылды.
Биыл тұмауға қарсы вакцина егу жұмыстары жылдағыдан ерте, яғни 15 қыркүйекте басталды. Бір аптада Жамбыл облысында 19 мыңға жуық азамат вакцина қабылдаған. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
«Өңірдегі медициналық ұйымдар сапалы әрі тиісті зертханалық сынақтан өткен вакцинамен қамтылғанын көрсету үшін медицина мекемелерінің қызметкерлері екпені өздеріне бірінші болып салдырды. Күз айларында ЖРВИ мен тұмаудың өршитіні мәлім. Биыл халықты вакцинациялау – аса маңызды. Өйткені, коронавирус инфекциясы тұмаумен қабаттасып, эпидемиологиялық жағдайды асқындыруы мүмкін» делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Мамандардың айтуынша, вакцина – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің пакетіне кіреді және халықтың белгілі бір тобы үшін тегін жүргізіледі.
Атап айтқанда, созылмалы ауруы бар 18 жасқа дейінгі балаларға, медицина қызметкерлеріне, жүкті әйелдер мен балалар үйлері және мектеп-интернат тәрбиеленушілеріне, мүгедектер мен созылмалы ауруы бар адамдарға, 60 жастан асқан қарияларға тегін салынады.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді