Жаңалықтар
Коронавирусқа қарсы танымал дәрі қауіпті болып шықты
- author «Ақ жол»
- 18 қыркүйек, 2020
- 534
Коронавирусқа қарсы танымал дәрі қауіпті болып шықты
COVID-19 жұқтырған адамның ауруы асқынғанда күресу үшін қолданылатын азитромицин антибиотигін бірқатар басқа препаратпен қолданған кезде жүрек талмасы болуы мүмкін. Чикагодағы Иллинойс университетінің ғалымдары осындай қорытындыға келді, - деп хабарлайды РИА Новости.
Мамандар 44 миллионнан астам пациент туралы ақпаратты зерттеп, амоксициллин мен азитромицин қабылдаған топтардың нәтижесін салыстырған.
Азитромицин мен жүректің электрлік импульстарына әсер ететін препараттарды бірге қабылдаудан - жүрек қызметінің әлсіздігі 40 пайызға артатынын, яғни, талып қалу, жүрек соғысының жиілеуі, тіпті жүрек талмасы болатыны белгілі болды.
Мұндай дәрі-дәрмектерге қан қысымына қарсы препараттар, антидепрессанттар, безгекке қарсы препараттар және опиоидтар жатады.
Бұған дейін америкалық кардиологтар дәрігерлерді жүрек аритмиясына әкелетін дәрі-дәрмектерді мұқият тағайындауға шақырған болатын.
Бұл тізімге COVID-19-ға қарсы препараттар да енген. Олардың қатарында - хлорохин, гидроксихлорохин және азитромицин бар. Дәрігерлердің пікірінше, осының барлығы жүрек ырғағының бұзылуына әкелуі мүмкін, делінген материалда.Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




