Жаңалықтар
Сенат сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды
- author «Ақ жол»
- 17 қыркүйек, 2020
- 471
Сенат сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды
Сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда қарады. Заң жобасын Мәжіліс 10 қыркүйекте мақұлдады, бірақ оны Сенат қабырғасында екінші оқылымда талқылау кезінде түзетулер енгізу қажет болды. Сенат cпикері Мәулен Әшімбаев бұл заң жобасы өткен сессиядағы палата отырысында бірінші оқылымда қаралып, жан-жақты талқыланғанын жеткізді.
"Сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту мемлекеттік басқару жүйесіндегі негізгі басымдықтардың бірі екені белгілі. Президентіміздің Жолдауында да нақты тапсырмалар берілді. Сондықтан қазіргі таңда тиісті заң жобасына жүйелі түрде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша қосымша шаралар енгізіліп жатыр", – деді Мәулен Әшімбаев.
Заң мемлекеттік қызметшілердің отбасы мүшелеріне кез келген сипаттағы және құнды сыйлықтарды беру мүмкіндігін болдырмауды көздейді.
Сенат депутаты Андрей Лукин, өз кезегінде, жұмыс тобы тиісті талдау жасап, мүдделі мемлекеттік органдармен кездесулер өткізіп, нәтижесінде заң жобасына жаңа түзетулер енгізілгенін айтты. Екінші оқылымнан кейін сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң жобасы Мәжіліске қайтарылды.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




