Жаңалықтар
Тәркіленген дәрі-дәрмектер емдеу мекемелеріне таратылады
- author «Ақ жол»
- 15 қыркүйек, 2020
- 576
Тәркіленген дәрі-дәрмектер емдеу мекемелеріне таратылады
Алыпсатарлардың көрші Ресейден жалған құжат жасатып, тасымалдаған дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдары тәркіленгені туралы ақпарат тез таралды. Бұл кездейсоқ жағдай емес. Тиісті органдардың берген мәліметіне сүйенсек, заңсыз тауар айналымын анықтау үшін облыстық прокуратура арнайы жұмыс тобын құрған екен.
Нәтижесінде кеденнен заңсыз алып өтпек болған контрабанданың жолы кесілді. Атап айтсақ, 64 атаулы дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар тәркіленді. Осы факті бойынша қозғалған іс Қордай аудандық сотында қаралып, қаулы шығарылды.
Сот шешіміне сәйкес, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 463-бабы бойынша жалпы сомасы 37 миллион теңгенің жүгі тәркіленді. Заңсыз жолмен елге әкелген кагоцел, арбидол, дуфастон дәрі-дәрмектері және оттегі концентраттары, сондай-ақ медициналық бетперделер облыстық денсаулық сақтау басқармасына беріліп, емдеу мекемелеріне таратылады.
«Aq jol -aqparat».
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




