Жаңалықтар
«Гарант 24 Ломбард», «ЕЅТАТЕ Ломбард» ісі: 17 мыңнан астам жәбірленуші шағым түсірген
- author «Ақ жол»
- 15 қыркүйек, 2020
- 434
«Гарант 24 Ломбард», «ЕЅТАТЕ Ломбард» ісі: 17 мыңнан астам жәбірленуші шағым түсірген
Жыл басынан бері Ішкі істер органдары қаржы пирамидаларын ұйымдастыру мен құру бойынша 217 қылмыстық істі тергеп, 116 істі сотқа жолдаған.
ҚР ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділовтың айтуынша, жалпы саны 79 күдікті жауапқа тартылуда. ІІМ Тергеу департаменті түрлі қаржы пирамидаларына қатысты 13 қылмыстық істі тергеп жатыр.
«Мәселен, «Гарант 24 Ломбард», «ЕЅТАТЕ Ломбард» және «Тиімді қарыз» ЖШС бойынша жәбірленушілерден 17 мыңнан астам шағым келіп түсті. 22 млрд теңгеден астам сомаға материалдық залал келгені анықталды. Аталған ұйымдардың басшыларына қатысты 32 қылмыстық іс тіркелді, 51 күдікті қылмыстық жауапқа тартылуда, 7 күдіктіге іздеу салынды», - деді С. Әділов министрліктің онлайн брифингінде.
Спикер қаржы пирамидалары туралы қылмыстық істерді тергеу аясында Қазақстаннан тыс жерлерде де күдіктілерді ұстау шаралары жүргізілгенін атап өтті.
«Ұлттық гвардияның арнайы борты Молдова Республикасынан, Ресей және Қырғызстан Республикасынан үш күдіктіні жеткізді. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүріп жатыр», - деді департамент басшысы.
Күдіктілерден 70 млн теңгеден астам ақша тәркіленген. Тергеу амалдарын жүргізу барысында ІІМ жедел-тергеу тобы 2 млрд теңгеден астам сомаға күдіктілердің мүлкін анықтады және тәркіледі.
«Қылмыстық істерді тергеу тәжірибесі көрсеткендей, қаржы пирамидалары – тез байып кетуді қалайтын, жоғары табысты уәде ететін агрессивті жарнамаға қарсы тұра алмайтын азаматтарымыздың «соқыр» сенімінің нәтижесі. Біз тұрақты түрде БАҚ арқылы халыққа қаржы пирамидаларының қылмыстық істері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз, бірақ бұл – жеткіліксіз. Мұндай ауқымды жұмысты мүдделі мемлекеттік органдар – Ұлттық банк, Қаржы министрлігі, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі де жүргізіп жатыр», - деді Санжар Әділов.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




