Жаңалықтар
200-ден астам қазақстандық Qnet компаниясына шағым түсірді
- author «Ақ жол»
- 15 қыркүйек, 2020
- 356
200-ден астам қазақстандық Qnet компаниясына шағым түсірді
Қазақстанда Qnet желілік компаниясына қатысты 29 қылмыстық іс қаралып жатыр. ҚР ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділовтің айтуынша, Qnet компаниясының бас кеңсесі Малайзияда орналасқан.
«Компания желілік маркетинг жүргізеді, онда адамдар түрлі зергерлік бұйымдарды сатумен айналысады. Бастапқы салым сомасы – 30 доллар. Қазіргі уақытта азаматтардан 211 шағым тіркелген. Жалпы еліміз бойынша 29 қылмыстық іс тергеліп жатыр», - деді С. Әділов ҚР ІІМ ұйымдастырған онлайн брифингте.
Спикердің айтуынша, Алматы облысы Полиция департаментінің тергеу басқармасы Qnet компаниясының өкілдеріне қатысты 20 қылмыстық істі тергеп жатыр.
«Мұнда 220 адамның задрап шеккені анықталды. Олар 160 млн теңге материалдық шығынға ұшыраған. Тергеу шаралары белсенді жүріп жатыр. Малайзия Корольдігіне халықаралық тергеу тапсырмасы жіберілді. Аталған қылмыстық іс нәтижелері туралы қосымша хабарлаймыз», - деді департамент басшысы.
Айта кетейік, жыл басынан бері Ішкі істер органдары қаржы пирамидаларын ұйымдастыру мен құру бойынша 217 қылмыстық істі тергеп, 116 істі сотқа жолдаған.
Ұқсас жаңалықтар
Сот саласындағы мемлекеттік тілдің маңыздылығы
- 17 қазан, 2024
Қағазбастылықтан арылтып, қолжетімділікті арттыруда
- 17 қазан, 2024
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді