Жаңалықтар
Отандық аккумуляторлар жаңа экспорттық нарыққа шығарылды
- author «Ақ жол»
- 15 қыркүйек, 2020
- 416
Отандық аккумуляторлар жаңа экспорттық нарыққа шығарылды
Отандық аккумуляторлар жаңа экспорттық нарыққа шығарылды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Индустрияландыру картасы мәселелері бойынша баяндаған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.
«Электротехникалық машина жасау секторында айтарлықтай өзгеріс болды. Биыл отандық аккумуляторлар жаңа экспорттық нарыққа – Біріккен Араб Әмірліктеріне шықты. Ал ішкі қажеттілік 65 пайызға қамтылады. Біз сондай-ақ, түрлі салалардағы ел нарығының 65 пайызын кабельдік өнімдермен қамтимыз. Кабельдік-өткізгіш өнім металлургия саласының 5-ші қайта жасалуы бола отырып, металдарды терең өңдеуді және жоғары қайта бөлу өнімдерін өндіруді қамтамасыз ететінін атап өту қажет», - деді министр.
Оның айтуынша, оған қол жеткізу қажеттілігін Мемлекет басшысы осы жылғы 1 қыркүйекте Жолдауында айтқан.
«Трансформаторларға қажеттілік 85 пайызға жабылады. Петропавл қаласында 5-ші трансформатор зауыты іске қосылған кезде жылына тағы 10 мың трансформатор өндірісін қамтамасыз етеміз. Бұл трансформаторлар бойынша қажеттіліктің барлық желісін жабуға мүмкіндік береді. Ішкі нарықты өлшеу жабдықтарымен 85 пайызға қамтамасыз ететін боламыз», - деді Бейбіт Атамқұлов.Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




