Күзде өлім-жітім көбейеді - ДДҰ
Бұл туралы Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді. Ұйымның Еуропадағы бюросының директоры Ханс Клюге күзде Еуропада коронавирустан болатын өлім-жітім саны көбейетінін мәлімдеді.
«Жағдай күрделене түседі. Қазан-қараша айларында біз өлім-жітім көбейеді деп болжап отырмыз», деді Клуге.
Мұның алдында ДДҰ коронавирус жұқтырғандар саны бойынша рекорд орнағанын мәлімдеген болатын. Әлемде күніне 307,9 мың науқас тіркелген еді.
Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 29 миллионнан асты.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




