Жаңалықтар
Демалыс күндері бірқатар нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді
- author «Ақ жол»
- 14 қыркүйек, 2020
- 503
Демалыс күндері бірқатар нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді
Қазақстанда карантин шаралары жеңілдеп, демалыс күндері кей нысандардың жұмысына рұқсат берілді, деп хабарлайды primeminister.kz.
Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссияның отырысында санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру және жұмыс күндері келушілер ағынын азайту мақсатында демалыс күндері жұмыс істеуге рұқсат беру туралы шешім қабылданды:
- сұлулық салондары, шаштараздар, косметикалық қызмет көрсететін объектілерге (порталда тіркелу infokazakhstan.kz, 1 келушіге алдын ала жазылу бойынша 4 ш. м.);
- фитнес-орталықтары, спорттық-сауықтыру орталықтары, тренажер залдары, спорттық кешендер, СПА-салондар, сауналар, бассейндерге (порталда тіркелу infokazakhstan.kz, толымдылығы 30% артық емес, бірақ 50 адамнан артық емес, алдын ала жазылу, бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтау);
- діни нысандарға (жеке, ұжымдық іс-шаралар өткізбей). Мемлекеттік органдармен, «Атамекен» ҰКП-мен және отандық тауар өндірушілермен талқылау қорытындысы бойынша медициналық маскалардың шекті бөлшек сауда бағасы 80 теңгеден 60 теңгеге дейін, яғни 25%-ға төмендеді.
Сондай-ақ, үшінші тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындалған алушыларға, мемлекеттік инстанцияларға жүгінбей, 2020 жылдың 4 тоқсанында автоматты түрде ұзарту туралы шешім қабылданды.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




