Жаңалықтар
Алексей Цой Қазақстан қандай жағдайда қатаң карантинге оралатынын айтты
- author «Ақ жол»
- 10 қыркүйек, 2020
- 496
Алексей Цой Қазақстан қандай жағдайда қатаң карантинге оралатынын айтты
Ауруханалардағы төсек-орын қорының 70 проценттен астамы науқастарға толса, Қазақстанда қатаң карантин енгізіледі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. «Ауруханалардағы төсек-орын қорының 70 пайыздан астамы толса, өте қиын сәт туады. Сол кезде қатаң шектеу шараларын енгізу арқылы денсаулық сақтау министрлігіне қолдау көрсетілуі тиіс», — деді Цой. Ал қазір, оның айтуынша, төсек-орын қорының тек 15 проценті ғана бос емес. Елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Дәрі-дәрмек жеткілікті, деп сендірді ведомство басшысы. «Егер коронавирус дәл қазіргідей өтсе, біз онымен өмір сүре аламыз және бұл тұрақты процеске айналады», — деді министр. Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




