Жаңалықтар
Алексей Цой: Бірінші тоқсанда қашықтан оқыту форматын сақтау қажет
- author «Ақ жол»
- 10 қыркүйек, 2020
- 454
Алексей Цой: Бірінші тоқсанда қашықтан оқыту форматын сақтау қажет
ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мектеп оқушыларын бірінші тоқсанда қашықтан оқытуды ұсынды.
«Бірінші карантинде мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтар ашуымыз сәтсіз тәжірибе болды, онда коронавирус инфекциясы тіркеліп, жабылып жатты. Яғни, біз үшін еліміздегі қазіргі аурудың төмендеу қарқынын ұстап тұру маңызды. Балалар арасында ауруды таратып алмау керек. Қашықтан оқыту шарасы уақытша екенін тағы да айта кетейін», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде.
Оның айтуынша, 15 қыркүйек пен 15 қазан күндері жүргізілетін вакцинация халықтың әлсіз тобын, әсіресе жиі ауыратын балаларды ЖРВИ мен тұмаудың өршуінен қорғап қалады.
«Сондықтан, мектептегі бірінші тоқсанда қашықтан оқыту форматын сақтауға кеңес береміз. Әрі қарай топтасқан ұжымдарда қанша науқас шығатынын зерттейміз және бұл мәселені ведомтсвоаралық комиссияға шығарып, мәселені қосымша қарастырамыз», - деді А. Цой.Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




