60 жастағы азамат өз бақшасында марихуана өсірген
«Карасора-2020» республикалық жедел алдын алу шарасы кезінде Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері өз бақшасында құрамында есірткі бар өсімдіктер өсірген 60 жастағы Тараз азаматын ұстады. Бұл туралы аталған департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.
«Жалпы салмағы 60 келі болатын марихуана тәркіленді. Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады. ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Жамбыл облыстық полиция департаменті тұрғындарға тыйым салынған өсімдіктерді немесе құрамында қарасора, көкнәр немесе басқа да есірткі заттары бар өсімдіктердің сорттарын өсіру немесе егу үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасымен жазаланатындығын ескертеді», - делінген баспасөз хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




