«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Коронавирус пен пневмониядан жеті адам көз жұмды

Коронавирус пен пневмониядан жеті адам көз жұмды
ашық дереккөз
Коронавирус пен пневмониядан жеті адам көз жұмды
 width= Қазақстанда 7 қыркүйекте коронавирус пен пневмониядан жеті адам қайтыс болды.  Өткен тәулікте пневмония бойынша 16 жаңа дерек тіркелді, оның біреуі - кісі өлімі. Өткен тәулікте пневмониядан 217 адам емделіп, сауықты, - делінген COVID-19 таралуын болдырмау жөніндегі ВАК хабарламасында. Өткен тәулікте коронавирустың салдарынан 6 адам қайтыс болды. Қазіргі уақытта 4 892 науқас коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, оның ішінде 33-і - бала. Ауруханаларда 2 680 науқас, амбулаториялық деңгейде - 2 212 науқас бар. 142 адамның жағдайы ауыр, 16-сының денсаулығы өте ауыр деп бағаланады, 23-і жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.  

Ұқсас жаңалықтар