Қымбат киім ұрламақ болған Тараз тұрғыны ұсталды
Таразда полиция қызметкерлері "Дамдес" супермаркетінің сауда павильондарының бірінде киім ұрлаған облыс орталығының 27 жастағы тұрғынын "ізін суытпай" ұстады, - деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.
Тонаушы қымбат бағалы киім мен аяқ киімді өлшеп көрмек сылтауымен жымқырмақ болған. Сатушылардың назарының басқа жаққа ауғанын пайдаланып, тауар үшін төлем жасамай, дүкеннен шығып кеткен.
Алайда, ер адам ұрланған киімді иеленіп кете алмады, себебі оны Тараз қаласының полиция қызметкерлері жедел түрде ұстады.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 191-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




