Жаңалықтар
Қырғыз-қазақ шекарасындағы "Қарқара-Кеген" бекеті қайта ашылды
- author «Ақ жол»
- 8 қыркүйек, 2020
- 562
Қырғыз-қазақ шекарасындағы "Қарқара-Кеген" бекеті қайта ашылды
Қырғызстан мен Қазақстан шекарасындағы "Қарқара-Кеген" өткізу бекеті 7 қыркүйектен бастап қайта жұмыс істей бастады, деп хабарлайды centralasian.org.
Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметі хабарлағандай, өткізу бекеті сағат 8:00-ден 18:00-ға дейін ашық болады.
"Қарқара" өткізу бекетінен жолаушылар, көлік, тауар және жануарларды өткізеді. Бекет Ыстықкөл облысының Түп ауданында орналасқан.
Мемлекеттік шекара қызметі бекетте электрондық виза бойынша әзірге ешкім өткізілмейтінін ескертті. Сонымен бірге Қазақстанға барарда адамдар қазақ жағындағы эпидемиологиялық ахуалды және шетелдіктерге енгізілген шектеулерді есепке алуы тиіс.
Қазақстан тарабы пандемиядағы шектеулерге байланысты қырғыз азаматтарына шекарадан өтуге рұқсат бермеді.
Қазір қырғыз-қазақ шекарасындағы "Чалдыбар", "Ақ тілек", "Кең-Булуң", "Чоң-Капка" және "Қарқара" бекеттері істеп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




