7 қыркүйектен бастап банктер қалай жұмыс істейді?

7 қыркүйектен бастап банктер қалай жұмыс істейді?
ашық дереккөз
7 қыркүйектен бастап банктер қалай жұмыс істейді?
 width= «Қаржы нарығы субъектілерінің жұмыс режимі туралы» ҚР Ұлттық банкі мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бірлескен бұйрығына енгізілген өзгерістер жарияланды. Бұйрыққа сәйкес, 2020 жылғы 7 қыркүйектен бастап өндірістік қажеттілік болған кезде филиалдың штат санының кемінде 30% қызметкері қашықтан жұмыс істеу нысанына ауыса алатын екінші деңгейдегі банктердің филиалдарын (бөлімшелерін, пункттерін) қоспағанда, жалпы штат санының кемінде 50% қызметкерінің қашықтан жұмыс істеу нысанына ауысуын қамтамасыз етуі керек. «Жұмыс кестесі сағат 9:00-ден 18: 00-ге дейін белгіленетін екінші деңгейдегі банктерді және қызметін Ұлттық банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензияның негізінде айырбастау пункттері ғана арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды қоспағанда, жұмыс кестесін сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін белгілесін», - делінген құжатта. Сонымен қатар бұйрықта қызметтерді барынша онлайн-режимде көрсетуді қамтамасыз ету керектігі аталып өткен. Осы бірлескен бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.  

Ұқсас жаңалықтар